Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада оқушылардың видео үндеуінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылды

Астанада мектеп оқушыларының видео үндеуінен кейін №49 мектептің директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Астана қаласының Білім басқармасы белгіленген сабақтарын жыл бойы өтпеген директорға қатысты қызметтік тергеу жүргізілгенін атап өтті.

"Мектеп директорының әрекеті 26 мамырда өткен тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Білім басқармасының 2023 жылғы 29 мамырдағы бұйрығымен №49 орта мектеп директоры қызметінен босатылды", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы №49 мектептің оқушылары оқу жылы бойынша бекітілген кейбір пәндердің сабақтары мүлде өтілмегенін айтып шағымданғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау