Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде үй жануарларын ұстайтын азаматтар ереже бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады

23 наурызда Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың бұйрығы жарияланды. Мұнда ит пен мысық иелері үшін жаңа ереже бекітілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар, аңшылық шаруашылығы департаментінің бас сарапшысы Ринат Есмағұлов үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-бабының 2-ескертуіне сәйкес "ҚР-ның жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша жеке тұлғаларға он АЕК мөлшерінде – 34 500 теңге айыппұл салынады", - деді Экология министрлігінің өкілі.

Бұған дейін "Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа түзетулер енгізілген болатын.

Оның ішінде вакцинацияланбаған және зарарсыздандырылмаған жануарды ұстауға жол берілмейді. Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттер, сондай-ақ көрсетілген ит тұқымдарының метизозы мен ірі тұқымды иттер құрақтарының биіктігі 56 сантиметрден жоғары және салмағы 30 килограмнан асатын иттерге бау мен тұмсыққап міндеттеледі.  Жануарлардың табиғи физикалық және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы бөлінген жерлерде, иттерді серуендету аймағында немесе жаттығу аймағында рұқсат етілген.

Талқылау