Қазақстанның бірінші ракеткасы Үлкен шлем турнирінің чемпионымен ойнайды
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Біріккен Араб Әмірліктеріндегі АТР турнирінің екінші айналымына шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дубайдағы жарыстың бірінші айналымында қазақстандық теннисші болгар спортшысы Александр Лазаровпен кездесті. Әлемнің 301-ракеткасы екінші партияда Бубликпен ойнаудан бас тартқан.
Осылайша жеңіске жеткен Александр енді екінші айналымда Ресейдің екінші ракеткасымен кездеседі. Даниил Медведев сондай-ақ 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, ATP әлемдік рейтингінде жетінші орында.
Ал қазақстандық теннисші Бублик болса қазіргі уақытта әлемдік рейтингтегі тізімде 46-шы тұр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

