Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ордабасы" құрамасының директоры Бауыржан Исламханды клубқа қабылдаудағы кедергілер туралы айтты

"Ордабасы" президенті Бауыржан Әбдубаитов команданың жаңа ойыншысы Бауыржан Исламханды маусымға тіркеудегі қиындықтар туралы айтты. Осы себепті жартылай қорғаушы Қазақстан Суперкубогы үшін "Астанаға" қарсы ойында алаңға шыға алмаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Бауыржан Әбдубаитов қазір Исламханмен келісімшартқа қол қойылғанын айтты. Дегенмен осы тұста “Аль-Айннан” әлі хабарлама келмеген екен.

“Олар TMS жүйесіннен бір ғана әрекетті орындауы керек еді. Өткен жұмада істейтінін айтқан, бірақ күткенімізге бес күн өтті. Тағы да нақтылап жатырмыз. Олар маған клубпен диалогты көрсетіп сендірді. Тіпті бұл мәселемен FIFA-ға да жүгіндік", - дейді Бауыржан Тойшыбекұлы. 

"Аль-Айн" құрамасында Исламхан допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілгенге дейін ойнады. Кейін осы қыста жартылай қорғаушы "Ордабасыға" ауысты.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 16:54