Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жасөспірім хоккейшілер Канададағы турнирде жеңіске жетті

Шымкенттік хоккейшілер құрамасы Канадада өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

хоккейшіТүсірілімнен скриншот

13 жас шамасындағы спортшылар елге оралды. Олар финалдық матчта жеңіске жетіп, алтын иеленді. Бұл – қазақстандық хоккейшілердің соңғы 63 жылдағы алғашқы жеңісі.

"Ең қиын ойын Англиямен болды. Бұл ойында қиналдық. Финалға өттік. Бірінші ойында 9:2 есебімен жеңдік. Сол ойынға өте қуаныштымын. Бірінші ойында өте жақсы эмоциялар болды", – деді хоккейші Айсұлтан Майсақанов

Жарыс сегіз күнге созылды. Турнирге 60 команда қатысты.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 09:00
Талқылау