Дархан Жүнісбековтің денесі ертең елге жеткізіледі
Тайландта қаза тапқан отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі ертең елге жеткізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады. Таиланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында жол апатынан қайтыс болған. Бұған дейін әнші Дархан Жүнісбековтің продюсері қаржы жинап жатқаны туралы хабар тараған еді.
Айбек Смадияровтың айтуынша, жиналған қаражат марқұмның туыстарына беріледі. Ал мәйітті жеткізу шығынын компания өз мойнына алды. Тайландтағы шығындарды отандасымыздың достары төлеген.
“Отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпан күні Алматыға Air Astana компаниясының Пхукет-Алматы рейсімен жеткізіледі”, – дейді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген