Ақмола облысында ер адам қаңғыбас иттерді аулап, етін сатқан
Қаңғыбас иттерді аулап, етін сатумен айналысқан Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері күдіктіні волонтерлермен бірлесіп қолға түсірген.
"Жануарларға қатыгездік таныту дерегімен Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адамның тұрғылықты жерін тексеру барысында жалпы салмағы 750 келіге жуық сойылған 50 иттің өлексесі табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылды. Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеудің өзге мән-жайлары жария етілмейді", - делінген Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ұсынған мәліметте.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген