СҚО-да ер адамның денесі қар астынан табылды
Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз жоғалып кеткен ауыл тұрғынының қар астында қалған денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адамның жоғалғаны туралы 19 ақпанда хабарланған. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының полиция қызметкерлеріне 45 жастағы ер адамның күндізгі сағат екілер шамасында "Янко" бекетінен Ғабит Мүсірепов ауданындағы Жаңасу ауылы бағытында шығып кеткені белгілі болды.
"Іздестіру шараларын жүргізу үшін полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындардан үш жедел-іздестіру тобы құрылды, барлық жердегі көліктер пайдаланылды, тағы бір топ атпен жүрді.
20 ақпанда Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде із-түссіз жоғалған ер адамның денесі қар астында қалып, зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылды", - деп хабарлады полиция.
Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша анықталады. Процессуалдық сараптама жүргізілуде.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?