Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 9-сынып оқушысы балтамен жарақаттаған балалардың жағдайы белгілі болды

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы 9-сынып оқушысының қолынан зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түскен екі бала бүгін жарақат бөлімшесіне ауыстырылды.

"Қазір балалардың жағдайы орташа ауыр, бірқалыпты. Хал-жағдайлары да тұрақты, есін біледі, сұрақтарға жауап беріп жатыр. Жүйелік органдар бойынша ерекшеліктер жоқ. Гемодинамика тұрақты. Емдеу диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Балалар травматолог, невропатолог және нейрохирургтың бақылауында", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Петропавлдағы №4 мектептің 9-сынып оқушысы сабаққа балта-пышақпен қаруланып келіп, үш баланы жарақаттаған еді.

Балалардың біріне емдеу мекемесінде көмек көрсетіліп, кейін амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді. Ауыр жарақат алған екі балаға шұғыл түрде ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Ақпан, 2023 17:25