Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда үйінділердің астында 135 сағат жатқан сәби аман қалды

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 135 сағат үйінділердің астында жатқан бес айлық сәби құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баланың отбасы туралы әлі ақпарат жоқ.

 

Сонымен қатар, Кахраманмараштағы құтқарушылар  ғимарат қирандыларының астынан егде жастағы ерлі-зайыптыны алып шықты. Олар үйінділердің астында 138 сағат өткізді.
 

Айта кетейік, Түркияда жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны өсті. Республиканың вице-президенті Фуат Октай қайғылы оқиға 24,6 мыңнан астам адамның өмірін қиды деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Октай Түркияда жер сілкінісі салдарынан құлаған үйлерді салу ережелерін бұзды деген айыппен 100-ден астам күдікті іздестіріліп жатқанын атап өтті.

STAN.KZ
Жексенбі, 12 Ақпан, 2023 09:21