Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет Екібастұздағы жағдайға қатысты шешім қабылдады

Коммуналдық қызметтер Екібастұз қалалық жылу жүйесіне ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен үкіметтің кезектен тыс отырысында талқыланды.

7 ақпандағы жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО-да бес қазандық жұмыс істеп тұрса, бес қазандық жөндеуде. Арнайы қызметтер тәулік бойы жылу желісінің зақымдануын жоюмен айналыс жатыр. Мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті.

Кең ауқымды жөндеу науқанын өткізу және қаржыландыру көздерін анықтау үшін облыс әкімдігі мен "ОАЭК" АҚ арасында жауапкершілікті бөлу туралы меморандум жобасы әзірленді.

Тұтынушыларға жылу энергиясы үшін төлемдерді қайта есептеу үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын есептеудің жаңа алгоритмі әзірленді.

Сондай-ақ Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, "ҚазЦентр ТКШ" АҚ, Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің өкілдері Екібастұзға аттанғаны хабарланды. Жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан жұмыс тобы мүшелері әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерді де аралады.

Өңірдегі жылыту маусымының өту жағдайы Қазақстан үкіметінің ерекше бақылауында.

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Ақпан, 2023 21:27