Атырау тұрғыны әлеуметтік желідегі балағат жазбасы үшін соттан бір-ақ шықты
Атырау тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында әйел адамды балағаттап, оның ар-намысын ел алдында қорлаған жазба жариялады. Сондай-ақ ол жазба кейіпкері туралы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Жала жабылған әйел сотқа шағым түсіріп, жазба авторына Қылмыстық кодекстің 131-бабы "Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған қорлау" бойынша айып тағылды.
Істі Қызылқоға аудандық соты қарады. Бірақ сот отырысы басталмай жатып-ақ тараптар медиация тәртібімен татуласу туралы келісімге қол жеткізгені туралы хабарлама келді.
Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, шағымынан бас тартты.
Қылмыстық іс жабылды.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"