Түркістан облысында тасқыннан қашып көлік төбесіне мінген адамдар эвакуацияланды
Түркістан облысында тасқын болған кезде көліктің төбесіне шығуға мәжбүр болған адамдарға көмек көрсетіліп, Мыңбұлақ ауылына көшірілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде 2 ақпан күні су басқан аймақта көліктің төбесіне шыққан адамдардың видеосы тараған болатын. Оқиға Байбайқорған ауылында болған.
"Көліктегі адамдар эвакуацияланды. Бірақ көлік судан шығарылмады. Адамдар Мыңбұлақ елді мекеніне жеткізілді", - деп хабарлады Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір жауын басылып, жағдай тұрақталып келеді. Тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін қызметкерлер жаңбыр суын сорып шығаруда.
ТЖД Сырдария өзенінің бойында орналасқан Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласының аумақтарында өзенге жақын орналасқан елді мекендер мен су қоймаларының жағдайын бақылауда.
Еске салсақ, Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Түркістан облысының бірнеше қаласы мен аудандарын су басқан болатын.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?