Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали Айқынның төрт баласын да баспанамен қамтамасыз етіп қойғанын айтты

Тележүргізуші, әнші және актриса Жұлдыз Өмірғали MOM’sкий әңгіме подкастында өзінің жеке өмірі туралы айтып, Айқынның бірінші некесінен туған балаларына қалай қарайтыны жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, өнер жұлдызының күйеуінің бірінші некеден туған балаларымен аралары жақсы. 

"Балалармен қарым-қатынас жақсы, шүкір. Балалар есейді, мектепке барып жүр. Бәрібір анасының кім екенін, менің кім екенімді біледі. Басында Асылым мені "мама, мама" дейтін. Қазір "тәте" дейді. Барынша жақсы қарауға тырысамын. Өзім әкеден ерте айырылғаннан кейін, әкенің орны бөлек екенін білемін. Сондықтан араласуына қарсылығым жоқ. Әрқашан оларды құшақ жайып қарсы алуға дайынмын”, – деді ол. 

Сондай-ақ ол Айқынның төрт баласын да үймен қамтамасыз етіп қойғанын жеткізді. Әнші жолдасының осы қасиетіне риза көрінеді. 

"Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді "Санжардың атына қалдырамыз" дейді. "Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз" дейді.

Сол жағынан Айқынның маған азамат ретінде, ер адам ретінде уәдесінде тұратыны ұнайды. Балаларының болашағын уайымдайды. Әр адам өз үйі болғанын қалайды ғой. Біреулер жылдар бойы соған ақша жинайды. Ал Айқын балаларының өмірдегі алғашқы баспалдағын дайындап қойды. Ол "Балалар тірнектеп үй алғанша, ақшасын білімге, өздерін дамытуға, ел аралауға жұмсаса екен" деп ойлайды", – деді Жұлдыз Өмірғали. 

 

Талқылау