Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері көтерілмек
Үкімет отырысында ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтерінің екінші жартыжылдықта 10% - ға дейін өсуі күтілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тимур Жақсылықов бұған дейін тұрғындар үшін коммуналдық қызметтерге мораторий қолданылғанын атап өтті. Оның айтуынша бұл мораторий 180 күнге созылып,100-ден астам табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері түзетілген. Бұл халыққа 3 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.
Вице-министр коммуналдық қызметтерге тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу үшін қаражаттың мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, әрбір өңірдің жеке бақылануын қарастыратынын айтты.
Талқылау
Пікір