AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Мұрат Бектановты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды

Еліміздің бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін тұтқында болады. Қамауда ұстау мерзімі Алматы қаласының ауданаралық тергеу сотының шешімімен тағы бір айға ұзартылды. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданған болатын", – деді Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қаңтар күні Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алған-ды.



2022 жылғы 19 ақпанда ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын.

Осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр