AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауылдың аты “Жаңа Дәуір” болғанымен, жаңа дәуірде өмір сүріп жатқанымыз шамалы": Алматы облысының тұрғындары шағымдарын айтып, бас көтерді

Алматы облысына қарасты Жаңа дәуір елді мекендерінің тұрғындары өркениеттен жұрдай екендерін айтып, бас көтерді. Сөздерінше, жол мәселесі былай тұрсын, ауылдықтар ауыз су өзіне зар болып отыр. Наразы жұрттың назын Stan.kz тілшісі тыңдап қайтты. 

Жаңа Дәуір ауылы Алматы қаласынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Он мыңға жуық тұрғыны бар ауыл халқының басым бөлігі қалаға қатынап, жұмыс істейді. 

"Ауылда жиырма сегіз көше болса, оның жетеуі ғана жөндеу көрген. Ал қалған жиырмадан аса көшенің жайы апаттық жағдайда. Көлік тұрмақ жаяу жүргіншінің жүруі қиын. Әсіресе, көктемнің жаңбырлы күндері балалардың мектепке баруы мұң. Сондай-ақ, жолда жарық болмағандықтан кешқұрым көшеде жүру қауіпті. Батпаққа белшеден батқан біздің жанайқайымызға жергілікті әкімдік құлақ түріп, аталған мәселелердің оң шешімін табуына мұрындық болса екен", – дейді ауыл тұрғыны Мұхтар Қосболов. 

Ауылдың аты “Жаңа Дәуір” болғанымен жаңа дәуірде өмір сүріп жатқанымыз шамалы, дейді жергілікті жұрт. Сөздерінше, ауылда жол тұрмақ, ауыз су да өзекті мәселесі де шешілмей келеді. 

Бұдан бөлек өңірде халық санының көптігіне байланысты жаңадан мектеп және емхана салудың қажеттілігі туындап отыр дейді аймақ жұртшылығы. Сондай-ақ  тұрғындар Мәдениет үйі мен спорт алаңқайларына жарымағандарын айтады.   

Үйі болғанмен күйі болмай отырған тұрғындардың жанайқайын тыңдауға әкімдік өкілдері де арнайы ат басын бұрды. Шенеуніктер ауыл тұрғындарының мәселесін шешу үшін шаралар қабылдануда деп сендірді. 

"2022 жылға "Іле ауданының ТҮКШ, ЖТ және АЖ, ҮИ" М. М-не Сүгір, Тәттімбет, Абай көшесі бойындағы су құбырын ағымдағы жөндеуге (жаңа құрылыстар) өтінім берілді, жалпы ұзындығы 3,2 км. 022 жылға Жаңадәуір ауылына баратын жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Школьная, Молодежная, Абай көшелері, Болысбаевтан Овражная көшесіне дейінгі жолақ, Болысбаевтан №5 орта мектепке дейін, ақаулы актілер мен тексеру актісі жасалды. Школьная жолағынан Қазанғап көшесіне дейін, Болысбаева Новостройка көшесі, № 5 орта мектепке дейін жолданды және "Іле ауданының ТҮКШ, ЖТ және АЖ, ҮИ" М.М-не жіберілді. Жөндеу жұмыстарының басымдығы әлеуметтік нысандардың (мектептер, дәрігерлік амбулаториялар) жанында орналасқан, көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығы жоғары көшелер болып табылады”, – деді Байсерке ауылдық округ әкімдігінің өкілдері.

Бұған қоса әкімдітегілер өңірде электрмен жабдықтау және газдандыру жұмыстары жүргізіледі деп уәде берді. 


"Өркениеттен құр қалдық": Жол, су, газ мәселелерінің шешілмегеніне наразы қызылордалықтар жанайқайларын жеткізді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр