Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттерінде доллар жоқ

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттерінде доллар тапшылығы байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz сайтында ұсынылған 42 айырбастау пунктінің ішінде тек үшеуінде ғана доллар сатылымға ұсынылып отыр. Долар бағасы –  437-438 теңге шамасын құрап отыр.

Доллар сатып алу көтерме баға бойынша 436-437,5 теңгені құрайды.

Ақша айырбастау орталықтары доллар жоқ екенін айтты. Олардың сөзінше долларды теңгеге ауыстыратындар болмағандықтан, тапшылық туындап отыр. 

“Долларды ақшаға айырбастайтындар азайды”, – дейді сатушылар.

Алматы, Шымкент және басқа да қалаларда доллар сатуда еш қиындық жоқ. Алматыда долларды сатудың көтерме бағасы – 436-437,5 теңге, сатып алу – 435-437,4 теңге. Сейсенбі, 30 қарашада биржадағы орташа сараланған бағам бір АҚШ долларына қатысты 434,16 болды. Бұл бағам Ұлттық банктің 1-2 желтоқсандағы ресми бағамы болып табылады.

Сонымен қатар, мұнай бағасы бастапқы көтерілуден кейін сейсенбі күнгі сауда барысында құлдырауға көшті.

Лондонның ICE Futures биржасында сейсенбі күнгі Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне $71,16 құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы бағадан $2,28 (3,10%) төмен.

Сонымен қатар, белгілі бір сауда сәтінде бұл сорттың бағасы барреліне $70,51 деңгейінде 12 апталық минимумға жетті.

Елдегі ақша айырбастау пункттерінде халыққа қызмет көрсетуге және операцияларды жүргізуге жеткілікті валюта бар, дейді айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Ғалымбаев.

"Нұр-Сұлтанда ертең мереке болуына байланысты кейбір техникалық қателіктер орын алды. Өйткені жүйе келесідей жұмыс істейді: айырбастау пункттері бар банктер шетел валютасын сату туралы келісім жасайды, яғни егер сіз уәкілетті ұйымның (айырбастау пунктінің) директоры болсаңыз, сіз банкпен шарт жасайсыз. Осы келісім бойынша валютаны көтерме бағам бойынша, яғни ол таблоға қойған бағам бойынша емес, жеңілдікпен сатып алуға болады. Айырбастау пункті басшысының өтініші бойынша бірнеше банкпен осындай бірнеше келісім-шарттар жасауы мүмкін", - деп түсіндірді Арчын Ғалымбаев.

Талқылау