Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжандық компания алдап кеткен: Ақтөбелік жұмысшылар әкімдікте шу шығарды

Жұмысшылар Ақтөбе-Астрахань тасжолының қырық шақырымын жөндеу үшін мемлекеттен тоғыз миллиард теңге алып, жұмысты жарты жолда қалдырған әзірбайжандық компания басшыларына іздеу салады. Өйткені шетелдік компания бұл азаматтарға 168 миллион теңге қарыз. Алайда олар ақшаларын үш жылдан бері өндіре алмай жүр. Ал облыс әкімі Оңдасын Оразалин өзін іздеп барғандардың алдынан шықпады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Берешектерін әзірбайжан компаниясынан үш жыл, ал сол қарыздарын өтетіп береміз деген шенеуніктердің уәдесін екі жыл күткен азаматтар бүгін тағы облыс әкімі Оңдасын Оразалин отыратын ғимараттың алдына жиналды. Жол салу үшін арнайы техникаларымен жалданып жұмыс істеген отыз бес кәсіпкерге 168  милллион теңгеге дейін қарызданып, бір-ақ күнде жоқ болған шетелдік компанияны іздеп сотқа да беріпті. Алайда осы күнге дейін бір де бір жауапты қарызды алып бермек түгілі мемлекеттік тендерді ұтқан мердігерге іздеу де салмай отыр дейді. 

“Уәде еткендеріне үш жыл болды. Әлі алып береміз деп келе жатыр. Қазір жол басталып кетті. Түріктер жалғастырып жатыр. Біз енді сол еңбекақымызды талап етуге келдік. Алды 40 миллион, арты 1 млн теңгеге дейін қарыз. Соның бәрі желге ұшқандай болып кетіп отыр”, – дейді жұмысшы РАметолла Бақытов.  

“Суын шашып, асфальтын тасып, автогрейдермен жолын қырып, не айтса соны істеп бердік. Қазақстанның ҚазАвтожолымен келісімшарт жасағандықтан, мемлекет сенгендіктен біз де сендік. Қазір ол мекеме Қазақстанда жоқ дейді. Енді ол мекемені біз сияқты шағын кәсіпкерлер қайдан табамыз? Облыс әкіміне де қанша бардық, кіре алмадық. Тап қазір әкімнің өзін бетпе бет шығып, бізге жауап беруін, сөзін алуға келіп тұрмыз. Соған жауап берсін”, – дейді жолшы Ерлан Есқазиев.  

Осылайша Байғанин ауданынан келген азаматтар облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуді талап еткен еді. Алайда әкім шықпады. Ал жол басқармасындағылар қазір қарызды өндіру үшін министрлік деңгейінде жұмыс істеп жатырмыз дейді. 

“Бұлармен келісімшарт бұзылса да, олардың үш пайыздық қамтамасыз ету сомасы бар. Сол ақшаны қарай қайтарып алу үшін ортада Азия банкі бар. Осы тұрғыда жұмыстар жүргізілуде. Әрі қарай арбитражға кетіп отыр. СІМ елшілікпен жұмыс істеп жатыр”, – дейді Ақтөбе облысы жол басқармасының басшысы Айбек Қайыр.  

Алайда жиналғандар үш жыл қатарынан әкімдікке келген сайын осылай құрғақ уәдемен шығарып салатын шенеуніктердің сөзіне сенуден қалғандарын айтады. 

Талқылау