Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда дәрігерлер 7 жасар баланың асқазанына жиналып қалған шашты алып тастады

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер жеті жасар баланың асқазанынан үлкен шашты алып тастады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық балалар ауруханасынан хабарлағандай, 21 желтоқсанда жедел жәрдемге 2013 жылы туылған бала жеткізілді. Ата-анасының айтуы бойынша, бала іштің ауырсынуына шағымданған. 

"Баланың іш қуысының рентгенографиясы кезінде іш қуысында шаштың жиналғаны анықталды. Екі күн бойы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері баланы операцияға дайындады. Ота ойдағыдай өтті", - дейді мамандар.

Бір сағат ішінде балалар хирургтары тобының үйлестірілген жұмысы арқасында трихобезоарды (шаш добы) алып тастау операциясын сәтті жүзеге асырылды. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр