"Ертең келеміз деп қалдырып кетті": Таудан табылған алматылықтың жағдайы белгілі болды

Алматы тауында үш күн бұрын жоғалып кеткен азамат аман-есен табылды. Алайда далада түнеген турист үсіп қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

тау

35 жастағы алматылық бірнеше күн бұрын тауға шығып қайта оралмапты. Сөзінше, ол жолды тұман басқандықтан адасып кеткен. Биіктігі 3800 метрге жететін Титов шыңын бағындырған азамат үйінен қалың киім кимей шығып кеткен көрінеді. Бауырының жоғалып кеткенін естіген оның інісі Байқоңырдан ұшып келіпті. 

"Сағат 4-5-ке таман кеш батып кеткен. Екі-үш сағатта жол табам деп ойлаған. Сосын кешкі жетіге таман құтқарушыларға хабарласты. Жолды таба алмайтынын білді. Хоббиі, үнемі тауға шығып жүреді, бірақ ылғи жалғыз шығатын", - деді туысы Бейбіт Рзаев.

Тауда үш күн түнеген алматылық құтқарушылардың көріп тұрып, көмектеспей кетіп қалғанын айтады. Дегенмен бұл ақпаратты Алматы қаласының ТЖД растамады. 

"Ертең келеміз" деп тастап кету деген құтқарушыларда болмайды. Ол мүмкін емес. Менің барғанда жігіттерден ондай хабар алған жоқпын. Көрдім, айғайлап тұр, "музыка қос" деген, бізде ондай хабар болған жоқ", - деді Алматы қалалық ТЖД құтқару тобының бастығы Нұрбол Тұрсынәлиев.

Қазіргі денесін үсік шалған туристің жағдай ауыр халде екен. Оны таудан жылдам түсіру үшін өзен арқылы арнайы техника пайдаланыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында ер адамның жоғалып кеткені айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр