Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорлауға тырысты, тойтарыс берген соң ұрды": Қостанайда бойжеткенді куәгерлердің көзінше зорламақ болған

Қостанай қаласында ер адам бойжеткенді ұрып-соғып, зорламақ болған,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, оқиға 10 мамырда болған. Бойжеткен жігіттің ұрып-соғып, қорлағанын айтып, видео жариялаған. Аталған видеоны "Не Молчи" қорының жетекшісі Дина Тансари өзінің Facebook парақшасына шығарды.

"Кеше бір жігіт мені ұрды. Ол мені дөрекі түрде қорламақ болып, тойтарыс берген соң ұрды. Сотқа дейінгі сараптама жасалды, ертең сот сараптамасын жасау керек. Мен бұл істі көпшілікке жария еткім келеді, өйткені маған физикалық және психикалық тұрғыдан зиян келді. Себебі мен біздің полиция және ол мені кінәлі деп танып, бұл істі жабуға немесе істі созуға тырысқанын қаламаймын.  Егер мені қорласа, "жоқ" деп айтуға және әділеттілікке құқығым бар. Достар бұл ақпаратты таратуда көмек сұраймын, мен өте қорқамын және өзім бұл қадамға әрең шешім қабылдадым, бірақ үндемей қалмаймын. Пікірлерде адамдарды белгілеңіз немесе репостпен көмектесіңіз", - деді жәбірленіші қыз.

Өз кезегінде, Дина Тансари Қостанай полициясынан күдікті Темірлан Досмұхамбетовті жазалауды сұрады. Оның сөзінше, жігіт куәгерлердің көзінше қызды ұрып-соққан.

Бүгінгі таңда полиция осы факті бойынша ҚР ҚК-нің "Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі анықталады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілде, олар аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады. Сонымен қатар, аталған оқиғаның қатысушылары ТЖ режимін бұзуғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қылмыстық істі тергеу Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасына жүктелді", - делінген полицияның ақпаратында.

Сонымен қатар, Қостанай облысы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері бойжеткенге психологиялық қолдау көрсетпек.

Талқылау