Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының тұрғындары ауылға індетті жұқтырғандар әкелінбесін деп қарсылық білдіруде

Қызылорда облысындағы Шалқия ауылының тұрғындары коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 40 адамды ауылдағы туберкулезбен ауырғандарға арналған шипажайға жатқызуға қарсылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

ашуланды

Сөздерінше, соның салдарынан ауданда карантинге оқшауланғандар Жаңақорғанның орталығындағы жұмыс істемей тұрған шипажайға жеткізілген. Әкімдіктегілер науқастармен байланысқа түскендердің саны әлі де анықталып жатқанын айтады. Қазір облыста ең көп індет жұқтырған тұрғындар Жаңақорғаннан тіркеліп отыр. Ауданда COVID-19-дан 16 науқас емделіп жатыр.

Құзырлы орган өкілдеріне Шалқи ауылының тұрғындары жаппай наразылықтарын жеткізуде. Аудандық станционарда оқшаулануы керек болған 87 тұрғынның 40-ы осы ауылдағы туберкулез шипажайына жатқызылмақ болған. Өйткені 47 адам оқшауланған аудандағы колледж ғимаратына барлығын сыйғызу мүмкін болмапты. Ал жиналғандар болса карантинге алынғандарды ауылға әкелетінін неге ескертпейді деп шулап жатқан көрінеді. Шағымданғандардың барлығы бір ауыздан билік өкілдерінің бұл әрекеті ауылған қауіпті індетті әкеледі ме деп қорқып отырған сыңайлы. Дегенмен ауылдықтардың жаппай қарсылықтарынан кейін мамандар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың 87 адамның барлығын аудан орталығындағы шипажайға жатқызыпты. Бұдан бөлек ауданда 42 тұрғын үй режимінде оқшауланыпты. 

Талқылау