Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полицей даңғой жүргізушінің капотында жатып, 3 шақырым жер жүріп өткен (видео)

Шымкентте мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып, көлік капотында жатқан жол сақшысын назарына алмай, 3 шақырым жер жүріп өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

полиция

Шымкент қаласындағы көшелеріндің қиылысында екі көлік соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы орын алған жерге тәртіп сақшылары шақыртылыпты. Дереу келіп жеткен олар жүргізушілерден құжаттарын көрсетуді сұрапты. Бірақ Mitsubishi Galant маркалы көлігінің иесі темір тұлпарына отырып, оқиға орнынан ізін суытпақшы болыпты. Сақшының оның жолына бөгеу болуына қарамастан, жүргізуші көлігін айдай жөнеледі. 3 шақырым жүріп тастаған көлік иесін артынша ұсталыпты. Оның есірткі қабылдағаны анықталған. Қазір ол абақтыға қамалыпты. Полиция қызметкері жарақат алмаған. 

"Ер азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 308 бабы 2 бөлімі билік өкіліне күш көрсеткені үшін соталды тергеу ісі басталды. Бұған қоса әкімшілік хаттама толтырылды", - деп мәлімдеді Шымкент қаласының сыртқы және ішкі байланыстар басқармасының жетекшісі Әсел Сәденова.

 

Талқылау