Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында халықаралық рейстер үшін жаңа терминиал орнатылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы халықаралық әуежайын дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әуежайында халықаралық рейстер үшін жаңа терминиал орнатылады

«Ескі терминал қалады. Бұл ішкі бағыттар үшін болады. Жақын жерде халықаралық бағыттарға арналған жаңа терминал салынады. Олар өзара байланысты болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұрын хабарланғандай, Almaty Invest форумы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев TAV әуежайлары және VPE Capital халықаралық компанияларымен меморандумға қол қойды. Тараптар арасындағы келісімдердің жалпы сомасы 700 миллион долларды құрайды, бұл 270 миллиардтан астам теңгені құрайды, бұл әуежайды дамытуға жұмсалады.

Талқылау