Соңғы жаңалықтар

Бразилия президенті Леонардо Ди Каприоға Амазония ормандарын өртеді деп айып тақты

Бразилия президенті Жаир Болсонару Амазония ормандарын өртеуге тапсырыс беріп, арнайы ақша бөлген Леонардо Ди Каприо екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті BBC басылымына сілтеме жасап.

Аталған ақпаратқа қатысты президент тарапынан еш айғақ болған жоқ. Бұған дейін де Болсонару оны сынаған коммерциялық емес ұйымдарды кінәлаған болатын. 

Амазония ормандарын сақтау мақсатында 5 млн доллар қаржы бөлемін деп уәде еткен Ди Каприо, бұл айыпты жоққа шығарды.

Президенттің актерге қатысты мәлімдемесі орман өртін қасақана ұйымдастырған деген айыппен төрт өрт сөндіруші ұсталғаннан соң хабарланған. Өрт сөндірушілер Пара штатынан болған. Әрі коммерциялық емес ұйымның грантын жеңу үшін қылмыстық әрекетке барған.

Құқық қорғаушылар, коммерциялық емес ұйымдар мен Болсонарудың қарсыластарының айтуынша, бұндай жаланың астарында саяси себеп жатыр. Оған қоса, қоршаған ортаны қорғаушыларды негізсіз айыптау болып табылады.

Өткен бейсенбі Жаир Болсонару Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры өрт сөндірушілерге фото үшін арнай ақша төледі деп орынсыз айып таққан еді. Қор бұл мәлімдемені жоққа шығарды. 

"Ұйымдардың не бітіргені бар? Ең оңай дүние не? Әлбетті орманды әдейі өртеп жіберу. Кейін фотоға түсіріп, видеосын тарату. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының кампаниясы Бразилиға қарсы. Оның үстіне 500 мың доллар беремін деп уәде еткен Ди Каприомен сыбайлас. Леонардо, сен ормандардың өртенуі үшін ақша жұмсап жатсың, мұның болмайды", - деді Болсонару.

Голливуд жұлдызы Бразилия президентінің айыбын жоққа шығарғанымен, қасақана орман өртін ұйымдастырып жүргендерді жазаға тарту шараларын қолдайтынын айтты.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...