Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақжай, көңілді және шымыр денелі: неміс ғалымы 100 жыл бұрынғы қазақтардың өмірі жайлы

Неміс дәрігері және антропологы Рихард Карутц 1903 және 1909 жылдары Маңғыстау өңірінде болған. Алғашында түркімендіктерді зерттеуге келген оның назарын өңірдегі адай руының қазақтары аударған көрінеді. Олар туралы зерттеулерін ғалым "Маңғышлақтағы түркімендер мен қырғыздар арасында" атты кітабында жазыпты. Оның бұл еңбегінде жергілікті қазақтардың өмірі мен тұрмыс, олардың мәдениеті және т.б. ерекшеліктері кеңінен сипат тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экпресс К" басылымына сілтеме жасап.  

Қонақжай, көңілді және шымыр денелі: неміс ғалымы 100 жыл бұрынғы қазақтардың өмірі жайлы

Сурет: express-k.kz сайтынан

Карутц адайларды суреттегенде олардың көңілді екендігін айтады. 

"Өңірлік қырғыздар көңілді әрі әзілкеш, көп сөйлегенді ұнатады. Мен бұл аймаққа келгенде бірде-бір затым жоғалған жоқ, қайыр тілеген адамды мүлдем кездестірмедім, тіпті, тұрғындар мені жатсынбады да, - деп жазыпты антрополог. - Бір күні менің қасымда жүрген жолсерігім менен бөтен жерден қорықпайсыз ба деп сұрады. Мен оған мен, тіпті, өз елімде жүргеннін өзінде қырғыздардың арасында жүрген кезімдегідей қауіпсіз сезінбеймін дедім. Тұрғындардың орыстардан келген елшіге сенбестікпен қарайтындары бар әрине. Дегенмен мұны да түсінуге болады. Олар үйреніп кеткен соң менің өз бауырындай көріп кеткендігін де жасырмаймын. Мен жергілікті тілді шала үйреніп, аудармашының көмегімен сөйлескеннің өзінде, қырғыздар менімен қалжыңдасып тұрды. Олар өте көңілкеш, тілге шешең болып келеді екен".

Этнограф қазақтардың ет жеуге деген сүйіспеншілігін де атап өтті. Айтуынша, бойлары орташа және биік болып келетін, ет жеп өскен ер азаматтардың дене бітімі мықты, шымыр келетіні сондықтан екен. Ғалым олардың тістерін көріп таңқалыпты. Сонымен қатар ол жергілікті тұрғындардың арасында семіздікке шалдыққандар өте аз екендігіне таңқалыпты. 

"Жаңа туған сәбилердің шетінеп кету жағдайлары өте аз. Осы тұрғыда отбасылардың көпбалалы екендіктерін ескеріп кету қажет. Көшпенді жұрт аналарының сүт құрамы мықты болса керек. Жиі соғатын жел, күнделікті шаң-тозаң, ауа райының күрт өзгеруі мен гигиеналық тазалықтың дұрыс сақталмауына қарамастан жергілікті халықтың денсаулық жағдайы өте жоғары", - делінген автордың еңбегінде.

Қазір ер азаматтардың баласының тәрбиесіне көңіл бөлмейтіні жиі айтылып тұрады. Бұл тұрғыда ХХ ғасырдағы қазақтардың жағдайына да ғалым көңіл бөліпті.

"Маңғышлақ балаларға арналған жұмақ деп айтса болады. Бала кезінде әрбір бүлдіршін, тіпті, танымайтын адамдардың сүйіспеншілігіне бөленіп өседі. Оларды бетінен қақпай өсіреді. Балаларды бағып-қағуда ер адамдар әйелдерден кем түспейді", - деп сипаттапты қазақтарды ғалым

100 жыл бұрынғы қазақтардың өмірі өз ісінің танымды адамдардың бірінің еңбегінде осылай көрсетіліпті.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әр нәрестенің өз несібесі бар": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Әнші: Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады
Çàãðóçêà...