Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария президенті Ули Маурермен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Кездесу барысында елбасы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында Швейцариямен тұрақты қарым-қатынас орнағандығын айтып, екі ел арасындағы достық байланысын атап өтті. 

"Мен сіздің Қазақстанға келуіңізге қуанып отырмын. Өз басым бірнеше рет Швейцарияда болғанмын. Сіздердің мемлеткеттеріңіз біздің еліміздің тұрақты әрі маңызды сауда серіктесі болып табылады. Швейцария бізге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Екі ел арасында орнаған достығымызды ары қарай жалғастыруымыз қажет. Алдағы уақытта швейцариялық кәсіпкерлерді қызықтыра алатын бірнеше жобамыз бар", -деді Қазақстанның тұңғыш президенті. 

Өз кезегінде Ули Маурер Нұрсұлтан Назарбаевқа ықыластықпен қарсы алғаны үшін алғысын жеткізіп, Қазақстанға келген ресми іссапар барысындағы әсерімен бөлісті. 

"Біздің елдердің арасында жақын байланыс орнаған. Таңертең мен бірнеше кездесу өткізген болатынмын. Біз Қазақстанда жүзеге асырамыз деген  біраз жобаларды талқыладық", - деді Швейцария президенті. 

 

Талқылау