Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күзетші болу үшін 1 млн теңге: Елімізде жұмысқа тұру үшін "арнайы ставка" төлейтіні рас па

Мектепке еденжуушы болып кіру үшін қанша мың теңге беру керек? Мұғалім мен медиктің ставкасы қандай? Пара бермесең неге жұмысқа тұра алмайсың? Бұл күнде оңтүстік  халқын осындай сауалдар мазалайды.

Күзетші болу үшін 1 млн теңге: Елімізде жұмысқа тұру үшін

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің «пара беріп қызметке тұру - цифрландыру жүйесі енгелі құрдымға кетті» дегенімен жұрт келіспейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Олар тіпті әр мамандықтың ставкасын да жатқа біледі екен. Оңтүстікте қызметке тұру құны қанша?  

Бақтияр Әбдірахманов  мектепте от жағушы болып істеген екен. 60 мың теңге жалақысы атаулы әлеуметтік көмек алуға кедергі болады деп, сәуір айында жұмыстан кетіпті. Алайда жәрдемақы тағайындалмаған. Енді жұмысына қайта кіре алмай жүр.    

"Ақша сұрайды  ғой бұлар, ақша сұрап жатыр. Ақша сұрамаса бекерден бекер ондай болмайды ғой.  Өздерінің ставкасы бар екен. Бірақ, оны айтпайды", - деді облыс тұрғыны Бақтияр Әбдірахманов.

Түркістандық Индира Отынбаеваның мамандығы - заңгер. Декреттік демалысқа шықпай тұрып, жұмыс іздеген екен. Балаға төленетін жәрдемақым жоғары болар деген үмітпен. Қызметке тұру ақысының сомасын естігенде жарқ еткен үміті жалп еткен.          

"Оған ақша сұрайды акимат, 500-600 мың керек. Одан өзім квартирада тұрамын, оны тауып бере алмаймын. Жұмысқа  шықпаймын, бала-шағама қарап отырамын", - деі тұрғын Индира Отынбаева. 

Талай жылдан бері етек жайған теріс үрдіспен шенділер қолдан келгенше күресіп жатырмыз дейді. Облыс әкімі  Өмірзақ Шөкеев  "ақша беріп жұмысқа тұру деген сұмдықты цифрландырудың арқасында түп-тамырымен жойдық деп" астанада ағынан жарылған еді.

"Мектеп мұғалімі, тіпті еден жуушы болып кіру  үшін пара беру керек екен деген алып-қашпа  әңгімелердің болғаны рас. Алайда, ол қазір мүлде жойылды деп мәлімдей аламын. Былтырдан бері барлық бюджеттік мекемелерге орналасу арнайы портал арқылы жүргізіледі. Сондықтан жұмысқа ақша беріп тұру деген бос сөз", - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Бос сөз ба, жоқ па, оңтүстік тұрғындарынан сұрап-білдік...

"Ол мүмікін емес, тегін жұмысқа кіретін болса астанда баларымыз қаңғып жүрмес еді,  бала-шағасымен сол жаққа  қаңғып кеткен. Жалғыз өзім тұрамын", - деді тұрғын Мырзайым Есілбаева. 

Ол ол ма, тұрғындар тіпті әр мамандықтың өңірдегі ставкаларын да жайып салды.

"Тарифтердің ставкасы дейсіз бе? Пол жуатын  - 300 мың, мұғалім  - 1 миллион, охрана  -1 миллион, жол бойына  - 1,5,  ол да жұмыс біте ме, сразу шығарып тастайды. Қаншама жастар отыр, дипломын құшақтап уйлерінде отыр. Пара беру барлық жерде бар. Бізде өршіп кеткен", - дейді тұрғын Гүлмира Шикібаева.

Жұмысқа тегін тұрғызатын  порталды іздеп Түркістан қалалық  еңбекпен қамту орталығына бардық.  

"Бізге келіп сұраныс береді, біз сол сұранысқа  байланысты жолдама береміз,  кезекке тұрған адамдарға очередьпен береміз", - дейді Түркістан қаласы жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұртүлеген Ибраев. 

200 мың халқы бар Түркістанда порталдың арқасында  тегін  жұмысқа тұрғандардың саны екі жылда екі мың ғана.  Бұл жалпы  жұрттың жүзден бірі деген сөз. Оған іргедегі  80 мың халқы бар Кентауды қосыңыз. "Бюджеттік мекемелерден ұсыныс түспейтін порталдан не қайыр, не қызық" дегендер амалсыздан парасын сайлап, пайда іздегендерді жағалауға мәжбүр.  
 

Талқылау