Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 "Россия 1" эфирінде Украина сарапшысы американдықты нокаутқа жіберді (видео)

Ресейдің «Кто против?» саяси бағдарламасында Василь Вакаров пен Грэг Вайнер эфирде жанжал шығарды.  Видеосын Владимир Соловьев өз твиттерінде жариялап, «Василь Грэгты нокаутқа жіберді» деп жазба қалдырған. 

Украина мен Америка сарапшыларының арасындағы дау өзге мемлекеттердің Киев үкіметіне әсері туралы тақырыпты талқылап жатқан кезде ушыққан. Вакаровтың сөзінше, оның еліне Америкадан артық зиян келтірген мемлекет жоқ. 

Сөзімді бөлді деп ашуланған украиналық сарапшы Вайнердің бетіне су шашып, «арандатуды ғана білесің» деп айқай салған. Кейін итеріп жібереді. Вайнер декорацияланған қабырғаға басын соғып, құлайды. 

Бұл уақытта тікелей эфирде жарнама басталып, үзіліс болады. Трансляция басталғанда екі сарапшыда студиядан шеттетіледі. Жүргізуші Дмитрий Куликовтың сөзінше, зардап шеккен сарапшының «жағдайы жақсы». 
 

Талқылау