Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі Тұрғымбаев Олеся Кексельдің ісі бойынша тексерістің барысымен бөлісті

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұрын бас прокуратарының арнайы прокурорлар қызметінің басшысы болған Олеся Кексельге байланысты тексерістің барысымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрідің сөзінше, Кексель қазіргі таңда Қазақстан аумағынан шықпаған. Бұған дейін БАҚ өкілдері бас прокуратурадағы қызметінен босатылғаннан кейін Кексель Германияға кетіп қалғаны туралы айтқан еді.  

«Тергеу амалдары жүргізілуде, бұған дейін қинап жауап алу туралы арыз түскен болатын. Бүгінгі күні арыз тіркеліп, іс бойынша тексеріс амалдары жүргізілуде. Қазір мен сіздерге бірнәрсені кесіп айта алмаймын, себебі бұл арыз бізге бас прокуратурадан түсіп, тексеруге берілген», - деді Тұрғымбаев. 

Бұған дейін арыздың кәсіпкер Ерлан Нәбиевтен бас прокуратарының арнайы прокурорлар қызметінің басшысы болған Олеся Кексель мен прокурор Бауыржан  Ғаббасовқа қарсы түскені айтылған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысына қатысты тергеу басталғаны туралы айтылған еді. 
 

Талқылау