Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыс қаласындағы балаларға қайырымдылықтан түскен 32 млн теңгеге сый жасалды

Арыс қаласының кішкентай тұрғындарына «Дегдар» қайырылымдық қоры жаңа ойын алаңы мен жабдықтар сыйлады. Игі іске атсалысқандар қаржыны «Алматы-менің алғашқы махабаттым» ретро-фестивальі аясында жинаған.

Арыс қаласындағы балаларға қайырымдылықтан түскен 32 млн теңгеге сый жасалды

Билет пен қайырылымдылық көмегімен 32 миллион теңге түсіпті. Қаладағы балалар ауылының құрылысы мен өзгенің тағдырына бей-жай қарай алмайтындар туралы Нұржан Сәдірбай баяндап берсін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Отбасылық үлгідегі балалар ауылында 63 тәрбиеленуші өмір сүреді. Олар бүгін қуанышты. Өйткені, көптен күткен су жаңа ойын және футбол алаңы оларға пайдалануға берілді. Ал, қолынан іс келетіндерге ағаш пен метал жонитын құрал, қыз балаларға тігін машиналары табысталды.  

"Бізде машинка болмағанда барлығын қолмен тігетінбіз. Бір орамалға үш сағат, не одан артық уақыт кететін. Қазір олай емес. Бір сағатта барлығын бітіреміз", - дейді тәлім алушы Александра Кебатова. 

"Дегдар" қоры келіп, балалар үйінің жағдайын көріп, қолын ұштарын созды. Бізге не қажетті екендігін сұрады. Содан кейін біз осындай балаларға ойын алаңдары спорт алаңдары, керек-жарақтарды айтқан болатынбыз"ғ - Тәжібаев атындағы балалар ауылының директоры Меруерт Сүйіндікова.

Бұл балалар мекемесі еліміздегі ең ескілердің бірі. Бірақ, оған қарамастан, өзінің ойын алаңы болмапты. Ал, жаздағы жарылыстарда оқ шатырға тиіп, оны қиратқан.

"Біздің көмектен кейін балалардың спортта жетістікке жету мүмкіндігі артады. Бірақ, алаң жоқ еді. Ол пайда болғаннан кейін далаға жиі шығатын болады. Барлығымыз Арыстағы сол қорқынышты сәтті басымыздан өткіздік. Ел болып көмектестік. Бұл біздің ортақ қайғымыз", - деді "Дегдар" қайырымдылық қорының директоры Лаура Ахметова. 

Арыстағы жағдай кімді болса да, бей-жай қалдырмады. Дариға Назарбаева басшылық еткен "Дегдар" қайырылымдық қоры жарылыс болған жерге бірінші болып жылжымалы медициналық кешені мен дәрігерлерді жіберді. Үш күн бойы қызметте болған мамандар оқ дәрілердің жарылысынан жүздеген зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Талқылау