Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушысының Тоқаевқа жазған хаты жұрттың жүрегін елжіретті

Алматы қаласының мектеп оқушысы хатында бірінші тоқсаннан кейін берілетін жазғы демалыстың уақытын ұзартуды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқушы президентке арнап хат жазды

Оқушы бала президентке деген хатында қиын сабақтарды қысқартып, мектептегі спорт секцияларын тегін қылуды өтініп жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, неге күзгі демалыс уақыты сонша қысқа? Мектепгі сабақтар өте қиын. Ал біз бір-ақ апта демаламыз. Мектепте керек емес сабақтар бар: өлкетану, жаратылыстану, өзін-өзі тану сияқты. Менің ойымша, мұндай сабақтарды спортпен ауыстыру керек. Ер бала – болашақта әке, отбасының тірегі болады. Ал уақытымызды керегі жоқ пәндерге құр өткізу үшін мектепке барғым келмейді. Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз менің хатымды жауапсыз қалдырмайсыз деген үміттенемін», деп жазды Ғалымжан Нұрбақыт. 

Ғалымжан ата-анасының айтуынша, олар бұл хаттың жазылуынан бейхабар көрінеді. Хатты жазу үшін оқушы бала өзінің ағасынан көмек сұрапты. Кейіннен оның хаты әлеуметтік желіде жарияланған. 

«Бұл Ғалымжанның мемлекетке деген өтініші. Ол хат арқылы президентке өз ойын жеткізді. Мұн оның бұл қылығын қолдаймын», - деді баланың әкесі.

Талқылау