Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір айда 5 аң өлген: 36 мың қазақстандық алматылық зообақтың жабылуын қолдады

Қазақстанның 36 мың тұрғыны Алматыдағы зообақты жабу туралы петицияға қол қойды. Бұған негіз болған жағдай осы жазда бірден 5 аңның өлуі екен. Ал, зообақ басшылығы болса петицияны бастаған адамдардың бірін шақырып, зообақтағы жағдай жануарлар үшін жаман емес екендігін көрсетпекші болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Осы жазда бірден 5 аңның белгісіз жағдайлармен өлуі, экологиялық активистерді алматылық зообақты жабу жөніндегі петицияны ойлап табуға итермелеген еді. Қазіргі таңның өзінде бұл электронды арызға 36 мыңнан астам адам қол қойып үлгеріпті. 

Петиция авторларының бірі ретінде қоғам белсендісі Батырхан Тоғайбаев танылған болатын. Оның айтуынша, еркіндікке шыға алмай жануарлардың бытырай өлуі оның жүрегіне қатты тиіпті. Бір айдың ішінде 1 бұлан, 2 керік пен 2 арыстан күшігі көз жұмған. 

«Біз зообақты бірден жауып тастайық деп жатқан жоқпыз. Әрине, бұл жағдай онда мекендейтін жануарларға қиын тиуі мүмкін. Біздің ұсынып отырғанымыз жануарларды біртіндеп бостандыққа шығару. Мысалы, он жыл уақыт әбден жетуі мүмкін» -деді зообақты жабу туралы бастаманы көтерген белсенділер бірі Батырхан Тоғайбаев.

Әрине, эко-активисттердің бұл шешімін 80 жылдан астам тарихы бар зообақтың басышылары ықыластықпен қабылдамады. Қазіргі таңда, жасанды бақта 3000 астам жануарлардың түрі орналастырылған. Олар жануарлардың өлуі табиғи үдеріс екендігін айтып отыр.

Зообақ жұмыскерлері белсенділерге аңдар ұсталынатын орынның жаңартылғандығын көрсетіп, ондағы жаңа өзгерістермен таныстырды. Аңдар үшін халықаралық стандарттарға сай 11 қыстық орын салынған және жаңарту жұмыстары әлі де жүріп жатқан көрінеді.

«Израиль мемлкетінен мамандарды шақыртып, зообағымыздағы жануарлардың денсаулағына тексеру жүргізген болатынбыз. Олардың қорытындысы жақсы, алайда түзететін жұмыстар да бар»- деді зообақ қызмекткері.

Жануарлардың денсаулығын жіті қадағалауда ұстау үшін зообаққа рентген және тағы да басқа техникалық жарақтар қажет көрінеді. Шетелдік мамандар оларды ауруханалардан алуға кеңес берген. Зообақ басшылығы керекті құралға тапсырыс жасап қойғандарын жеткізді. 

Петиция авторларының ойын зообақ басшылығы өзгерте алғаны не алмағаны белгісіз. Қала әкімшілігі болса петицияға мән бермепті.


Қазақстанның Қызыл кітабы: қандай жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген >>>

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Қан құрамындағы қатерлі дертті сезе алады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр