Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тапсырыс беруден тасымал құжатын рәсімдеуге дейін: «Қазақстан темір жолы» клиенттермен жұмысты айтарлықтай жеңілдетті

2019 жылдың 9 айында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыстар» автоматтандырылған басқару жүйесі (ККЖ АБЖ) арқылы 200 мыңнан аса тапсырыс болды. Жүйе ҚР барлық 456 жүк станцияда енгізілген. Онымен 37 мыңға тарта клиент жұмыс істеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан темір жолы»

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ККЖ АБЖ – клиентке бағдарланған жүйе. Тапсырыс беруден тасымал құжатын рәсімдеуге дейінгі барлық процесс толық автоматтандырылған және ашық, сыбайлас жемқорлық құрамы жоқ.

Жүйе жүкжөнелтушілермен қағазды құжатайналымын барынша төмендетіп, клиенттермен жұмысты айтарлықтай жеңілдетті. Жүкжөнелтушілерге қол жинауға және «кабинеттерді аралауға» уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. ҚТЖ олардың тапсырыстары негізінде онкүндік және ай сайын тасымалдауды жоспарлауды жүзеге асырады. 

Жүйе арқасында республикаішілік жөнелтуде жоспарлау процесі 11 сағаттан 5 минутқа дейін және экспорттық жөнелтілім мен қайта бағыттау процесінде - 2 күннен 1 сағатқа дейін қықсарды.

Қағазсыз технология сондай-ақ экспорттық және импорттық қатынастарда енгізілуде. Осылайша, «РЖД» ААҚ Халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісімге мүше елдер арасында теміржол тасымалы кезінде қолданылатын, жүкқұжаты мәліметтерімен электронды алмасу 100% ұйымдастырылған.

Қазақстандық Екібастұз-2 станциясынан ресейлік Малорефтинская станциясына және кері бағытта электронды цифрлық қол пайдаланылып жүктер жөнелтілуде.

Соңғы жылы Екібастұз-2 - Малорефтиская бағыты бойынша – 2200, кері бағытта – 5700 тасымал құжаты рәсімделді. Қытай темір жолымен электрондық жүкқұжаты көлемі мәліметтерін жіберу тесті жүргізілді.

Тиісті Келісімге қол қойылғаннан кейін мәліметтермен алмасу өндірістік режимде іске қосылатын болады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда 16 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Соңғы рет студент қыз ауылына әкесіне баратынын айтқан

Махаббаттары бәріне төзуге дайын: "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясы көрерменге жол тартады

Телехикаяны жұмыс күндері сағат 22:05-те "Жетінші арнадан" көріңіздер!

"Еуропаға барғанда "Нұр-Сұлтандағыдай" дейтін болам": Әнші Лолита елордадағы тазалық туралы (видео)

Лолита: Мен осы елдің махаббатын жан-тәніммен сезінемін

Стати Нью-Йоркте Қазақстанға қарсы шағымын қайтарып алды

Стати бұл шағымын 2017 жылдың маусым айында берген

"Өлтіріп кетер еді": БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ жаудырды

Қорықшы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақша аударымдары үшін салық өндіріле ме? Қаржы министрі жауап берді

Әлихан Смайылов қазақстандықтардың қолма-қол емес ақша аударымдары туралы түсінік берді

Қазақстандық рак ауруына шалдыққан адамдарға арналған дәрі-дәрімектер Ресейде сатылымда жүр

Бұл жағдайдың тексерілуін денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауына алыпты

"Бақылау жоқ": Президент еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Тоқаев: Халықтың табысын көтеру бойынша жасап жатқан шараларымыз жоққа шығарылады

"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жыр болған дәретханаларды сынады

Президент туризмнің артта қалуына әсер ететін нақты факторлар барын айтты

Мемлекет басшысы: Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр

Президент тапсырмаларын баяу жүзеге асырып жатқан шенеуніктерді сынға алды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр