Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аузын скотчпен жауып, басын дәретхана қағазымен ораған: Алматыда ересек балалар оқушыны "өлтіреміз" деп қорқытқан

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Боралдай елдімекенінің тұрғыны мектепке қатысты шағымын айтты. №40 мектептің 4-сынып оқушысының ата-анасы уәжін айтты.

Аузын скотчпен жауып, басын дәретхана қағазымен ораған: Алматыда ересек балалар оқушыны

Мектеп жиынында байқамай қағып кеткен баладан кек алу үшін бірнеше күнге созылған қорқыту, үркіту дерегіне полиция неге бей-жай қараған. Оқушы бұл жағдай дәретханада болды деген. Мектеп қызметкерлері ата-аналарға мәселелеріңізді мектептен аулаққа барып шешіңіздер деп неге аластап жүр? Мектептегі әлімжеттік кімнің мәселесі өзі?

"Шу шыққан кезде алты бала болған. 7-сынып оқушысы 4-сыныптағы балама қоқан лоқы көрсетіп, "ертең сабаққа келсең өлтірем" деген. Төбеден лақтырып жіберем деп қорқытқан", - дейді анасы Әйгерім Шаграева.

Ал, мектеп басшылығы қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтып, кейіннен мәселені мектептен тыс жерде шешуді сұрапты. Полицейлер оқиғаға қатысты тексеру жүргіузде. 

 

Талқылау