Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Немқұрайлы қарауға болмайды": Сағынтаев Алматы полициясының басшысына ескерту жасады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев полицияның мобильді пункттерін ескертусіз аралады. Осыдан кейін ол қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сағынтаев Алматы полициясының басшысына ескерту жасады

17 қарашада қала басшысы «Атакент», «Мерей» сауда орталығы, Көк базар, Арбат, Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысындағы және Махатма Ганди атындағы саябақтағы полицияның мобильді пункттерін ескертусіз аралады. 

«Олардың тек біреуінде учаскелік инспектор болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ. Полиция қызметкерінің орнына сауда орталығынының күзетшілері отырды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайлы қарауға болмайды! Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаланың полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды», - деп жазды Сағынтаев Instagram-да.

Сағынтаев Алматы полициясының басшысына ескерту жасады

Өз жазбасында Алматы әкімі атқарылатын жұмыстар жөнінде қалалықтардың ескертулері назарға алынатынын атап өтті. Алматылықтардың қауіпсіздігі — біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі, дейді ол.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі

«Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзадаев топтың неге тарағанын ашып айтты

Арамыздағы ақша мәселесіне көз жұмған едім
Çàãðóçêà...