"Немеремнің көз алдында қансырап жатты": Павлодарда ер адам қатыгездікпен итті атқан
Павлодарда ер адам баланың көзінше қос ауызды мылтықпен итті атқан. Куәгерлердің сөзінше, хайуанаттар бағының еріктілері жануардың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, қатты қан кетіп, ит өліп қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнындағы үйдің куәгерлері басында олардың екі адам болғанын, кейін біреуі тез кетіп қалғанын айтты.
“Немеремнің көз алдында ит қансырап жорғалап жатты. Қар қанға малынды. Екі оқ атылды. Бірі итке тиді, ал екіншісі кез келген адамға тиіп кетуі мүмкін еді. Соны көргенімде қалтырап, қан қысымым көтеріліп кетті. Өте қорқынышты болды. Мұндай қаруға оның рұқсаты бар екен. Бірақ тергеу барысында қос ауызды шолақ мылтық тәркіленді, жануарларға қатыгездік жасағаны үшін ол үйқамақта”, – деді куәгер Риза Шоқпарова.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген