Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неге нәтиже жоқ?": Сапарбаев Қазақстанның әлем чемпионаттарындағы көрсеткішіне ашуланды

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары жақында әлем чемпионаттарында өткен күрес, бокс, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың көрсеткен жарыс қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында Бердібек Сапарбаев Қазақстанның көрсеткен нәтижесіне ашуланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды

Айта кетсек, әлем біріншіліктерінде қазақстандық спортшылар бокс бойынша 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлде, күрес түрлері бойынша 3 күміс, 4 қола жүлде және ауыр атлетика бойынша 1 күміс жүлде иеленген-еді.

Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Ұлттық Олимпиада комитетінің хатшысы Сәкен Мұсайбеков, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, сондай-ақ, ұлттық құрама командалардың бас бапкерлері жарыстардың қорытындысы және Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық туралы баяндады.

Рамазановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанның қоржынында 9 спорт түрі бойынша 20 лицензия бар, Олимпиадаға кемінде 100 лицензия жеңіп алу жоспарланған. 

«Нәтижелер көңіл көніштерлік емес. Бокс бойынша жалпыкомандалық үшінші орынды алдық, ауыр атлетика бойынша – 12-ші, күрес бойынша – 14-ші орындамыз. Тек боксшылардың жалғыз алтын медалі бар. Министрлік, Ұлттық Олимпиада комитеті, федерациялар мен демеушілер жеткілікті қолдау көрсетіп отыр. Онда неге нәтиже жоқ? Бейінді министрлік бұл жұмысты дұрыс үйлестіре алмай отыр. Спорт – бүтін бір елдің имиджі. Токиода өтетін Олимпиада ойындарында жақсы нәтижелер көрсету үшін қателермен жұмыс істеңіздер. Уақыт аз қалды», — деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар вице-премьер-министр спортшыларды жарыстарға іріктеу кезінде ашықтық пен объективтіліктің жетіспейтінін айтты. 

«Спортта жең ұшынан жалғасу, алалау ешқашан болмауы тиіс! Біздің еліміздің абыройын үздік спортшылар қорғауы керек. Бұқаралық спортты дамытып, кәсіби спортшылардың жас ұрпағын дайындау керек. Біздің материалдық-техникалық базамыз жақсы, сондықтан, әсіресе, өңірлерде спорттық құрылымдарды барынша тиімді пайдалану қажет», — деп түйіндеді ол.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?

"Еңбектеп жүріп, үріп, ұлиды": Ресейде "маугли қыз" табылды (видео)

Анасы 11 жасар қызын бір шөлмек арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан

Қостанайда жарты миллион пара алған шенеунік сотталып кетті

Жер қатынастары бөлімінің басшысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Çàãðóçêà...