Небәрі 25 жаста: Оңтүстік Кореяда танымал әнші өлі күйінде табылды

Оңтүстік Кореяда Солли (Sulli) лақап есімімен танымал K-pop жұлдызы өз үйінде өлі күйінде табылды. Әнші 25 жаста болған еді.

Небәрі 25 жаста: Оңтүстік Кореяда танымал әнші өлі күйінде табылды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция мәліметінше, оңтүстік кореялық F(x) тобының бұрынғы қатысушысының мәйіті дүйсенбі күні табыллған. Оның денесінде күштеп өлтіру белгілері жоқ. Сонымен қатар өлер алдында хат жазып қалдырмаған.

Japan times  басылымы хабарлағандай, әншінің менеджері оның жағдайына алаңдап, бірінші болып дабыл қағыпты. Оған Соллидің өзімен байланысқа шықпағаны себеп болған. 

Әр түрлі БАҚ мәліметтеріне қарағанда, әнші өзіне қол жұмсады деген нұсқа өлімінің негізгі нұсқасы ретінде қаралуда. 

Полициядағылардың сөзінше, 25 жастағы әнші күйзеліске түскен. 
Instagram-дағы  парақшасында 6,4 миллион оқырманы бар Соллиге желі қолданушылары оның мінез-құлқы туралы көптеген жағымсыз пікір жазған.

Солли әлем бойынша K-pop жанрына жұрт назарын аударған алғашқы әншілердің бірі болды. Ол 2009 жылы F(x) тобының құрамында өнер көрсетті. Ал 2015 жылы топтан кетіп, дербес әнші ретінде танылмақ болған-ды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...