БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Небәрі 15 секундта: Қарағанды облысында бұзақылар дәмхананың астаң-кестеңін шығарып, адамдарды ұрып-соққан

Қарағанды облысында бетперде киген төрт адам дәмханаға шабуыл жасап, асхананың ішінде отырған екі адамды аяусыз ұрып кеткен.

Небәрі 15 секундта: Қарағанды облысында бұзақылар дәмхананың астаң-кестеңін шығарып, адамдарды ұрып-соққан

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Абай қаласында дәмханада бетперде киген адамдар небәрі 15 секундтың ішінде дәмхананың астаң-кестеңін шығарып, ішінде отырған адамдарды ұрып-соғып үлгеріпті. Олар көңіл көтеру орнының терезесін шағып, едәуір шығын келтірген. 

Оқиға салдарынан екі адам жарақат алыпты.

Артынша дәмханаға шабуыл жасаған 27, 31 жастағы 4 күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта «бұзақылық» бабы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық полиция департаментінің МТАБ басщысы Жанатай Сембеков. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр