Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не себепті жапон әйелдеріне жұмыста көзілдірік тағуға тыйым салуда

«Көзілдірікке тыйым салу» хэштегі осы аптада Жапонияның әлеуметтік желілерінде ең танымал хэштекке айналды.

Не себепті жапондықтарға жұмыста көзілдірік тағуға тыйым салуда

Біз бірқатар компаниялардың қызметкерлеріне қолданылатын талабы - көзілдірік тағуғы тыйым салуы туралы айтып отырмыз.

Жапонияда қалыптасқан тәжірибе туралы пікір-талас әлеуметтік желілерде тарады. Көптеген жапондық компанияларда жұмыс берушілер қызметкерлердің контактілі линзалар тағып, көзілдіріктен бас тартуға мәжбүр етеді. Тіпті линзаларды киюге медициналық қарсы көрсетілімдер болса да. Жұмыс берушілердің айтуынша, көзілдірігі бар әйел қызметкерлері әйелге ұқсамайды және мейірімсіз көрінеді.

Әлеуметтік желілерді қолданушылар мұндай кемсітушілікке наразы болды.

«Ер адамдарға рұқсат, әйелдерге көзілдірік киюге рұқсат бермейді», - дейді Токиодағы сақтандыру компаниясының сату жөніндегі менеджерінің көмекшісі Банри Янаг.

«Егер жұмыста көзілдірік тағу нақты проблема болса, онда әйелдерге де, ерлерге де көзілдірік киюге тыйым салынуы керек», - деп жазады актриса Юми Ишикава әйелдердің биік өкшемен жұмысқа келуін талап етуге қарсы петицияның авторы. . Петиция Change.org платформасында жарияланды, жұма күні кешке оған 31 мыңнан астам адам қол қойды.

«Көзілдірік мәселесі биік өкшемен бірдей. Бұл талап тек әйелдерге ғана қатысты», - дейді Юми Исикава.

Киото халықаралық зерттеулер университетінің әлеуметтану профессоры Кумико Немото жапондар ескірген ережелерге қарсы екенін айтады.

«Әйелдердің көзілдірік киюге болмайтын себептерінің шын мәнінде мағынасы жоқ. Мұның бәрі гендерге қатысты. Бұл (көзілдіріктен бас тарту) - бұл кемсітушілік талап», - дейді Кумико Немото.

Оның айтуынша, жұмыста биік өкшемен, көзілдіріксіз жүру талабы «жапондықтардың ескі, дәстүрлі ойлауының» көрінісі.

«Бұл талап жұмыс сапасына ешқандай қатысы жоқ. Компания қызметкерлердің әйелдердің нәзік көрінуін қалайды - олардың түсінігі бойынша, көзілдірік тақса әйел нәзік көрінбейді», - деп Кумико Немото баса айтты.

Көзілдірікке тыйым салуды қолдаушылар көзілдірік дәстүрлі жапон киімімен үйлеспейді дейді.

Twitter қолданушысы @wine_kimono мейрамханада жұмыс істейді және жұмыста кимоно киюі керек. Жұмыс беруші оған көзіклдіріктен бас тартып, контактілі линзаларды кию керек екенін айтқан, өйткені кимоно көзілдірікпен жараспайды.

«Көзілдірік тамаққа түсіп кетсе не болады?», «Келушілерге көзілдірік арқылы қарау - оларды ұрметтемеушілік», - деген еке оған басшылығы.

Тыйымға қарсылық білдірушілер әйгілі адамдардың көзілдірікпен және жапондық дәстүрлі киіммен түскен суреттерін жариялады.

Осы жылдың наурыз айында жапондық әлеуметтік желілерде жұмысшылардың кеңседе макияжбен жүру талабына қарсы науқан басталды. Жыл басында әлеуметтік желіні қолданушылар жұмысшылардың биік өкшелік аяқ киіммен жұмысқа келу талабына наразылық білдірдген еді. 


Жапония туралы таңғажайып 15 мәлімет

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі

«Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзадаев топтың неге тарағанын ашып айтты

Арамыздағы ақша мәселесіне көз жұмған едім
Çàãðóçêà...