Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Назарбаевтың уәдесі орындалмады»: Доллармен несие алған қазақстандықтар қарызын өтей алмай қиналуда 

Доллар 185 теңгеден болып тұрғанда несие алып, қазір курс 380 теңгеден асқанда банктің берешегін өтей алмаған жұрт әбден қиналып кетіпті. Жұмысы тоқтап қалған «Астана банкінен» алған кредиттерін бастапқыда ай сайын жүз мыңнан емес, бірнеше есе қосып төлеп жүрген елордалық тұрғындар шағымданып, Ұлттық банктің өзіне келді. Шетел валютасымен қарыз алғандардың несиесін қайта қаржыландырамыз деген Назарбаевтың уәдесі орындалмады деген олар қатты ренжулі.

«Назарбаевтың уәдесі орындалмады»: Доллармен несие алған қазақстандықтар қарызын өтей алмай қиналуда 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Асылбек Әшірбековтің ай сайын 100 мың теңгеден төлеп отырған несиесі қазір 300 мың теңгеге жуықтапты. Енді жұмыссыз қалған азамат несиелік қарызын жабуға әбден қиналып жүр. Ол сияқты тағы бірнеше тұрғынның қарызын төлей алмай жүргеніне бір жылдан асқан. 

«15 мың доллар қарыз алсам, 2018 жылдың аяғында 14 мың доллар қарыз қайта пайда болды. Сонда несиені 2015 жылы алғанмын. 2018 жылдың аяғына дейін мың доллар ғана төлегенім бе?» - дейді қала тұрғыны Асылбек Әшірбеков. 

Шағымдарын айтып Ұлттық банкке келген тұрғындарды мұндағылар «қайта қаржыландыруға ілігіп тұрсыздар» деп жұбатты. Бірақ  «Астана банкі» сияқты жойылған банктерден алған қарыз мәселесі келесі жылдың соңына қарай шешіледі. Тұрғындар оған жеткенше кепілге қойған үйімізден айырылып қаламыз ба деп қорқады. 

«Өзіміз ойдан шығарып тұрған жоқпыз. Елбасының халыққа жолдауы бар. Ол кісінің сөзіне кепіл жоқ па?» - дейді тұрғындардың бірі. 

Шағымданушылар мәселесі кредиторлар кабинетінде қаралатын болды. Ал әзірше мүмкіндігі болса келісімшарт талаптары бойынша қарызын төлеуі керек, дейді.

«Борышкерлер қайта қаржыландыру бағдарламасына сәйкес келеді. Тиісінше, бағдарлама асында қайта қаржыландырамыз», - дейді Ұлттық банктің Қаржылық қызметті тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басқарма басшысы Миниса Хуснутдинова.

Қазақстан бойынша тура осылай «Астана банкінен» доллармен несиелік қарыз алып, төлей алмай жүргендер саны 100-ден асады.

Департаменттегілер олардың мәселесін осы жылдың соңына дейін шешуге тырысамыз деп уәде берді.

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Жанар Хамитованың өлімінен кейін есеңгіреп қалған ақын қыз арнауын жазды

Берлібаева Азиза: "Біреу келіп түсімнен оятып жіберсе екен"

Жас қыз антибиотик қабылдағаннан кейін қаны көк түске өзгеріп кеткен

Ол әлсіреп, тыныс алуы қиындағанын сезіп, терісінің түсі өзгергенін байқаған
Çàãðóçêà...