Назарбаевты айрықша мәртебесінен айыру туралы заң қабылданған соң экс-президенттің сайты домендік атауын өзгертті
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты домендік атауын Nazarbayev.kz деп өзгертті. Бұған дейін сайттың мекенжайы Elbasy.kz болған еді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір ғаламторда Elbasy.kz деп іздесе, бірден Nazarbayev.kz сайты ашылады.
Сонымен қатар сайттың тақырыпшасы да өзгерген. Бұған дейін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылған. Қазір сөйлемнен "Елбасы" сөзін алып тастаған.
Еске салайық, 15 ақпанда мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыратын заңға қол қойған еді.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", – деп мәлімдеді Ақорда сәрсенбіде.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген