Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Назарбаевқа құрметті сенатор белгісі табысталды

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор куәлігі мен белгісі берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Табыстау рәсімі Сенаттың отырысында өтті. Назарбаевқа құрметті сенатор куәлігі мен белгісін палата спикері Дариға Назарбаева табыстады. 

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілген еді. Аталған ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде енгізген еді.

Құрметті сенатор мәртебесі палата отырыстарына, шешімдердің қабылдануына қатысуға, өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. Алайда арнайы мәртебе Сенатта дауыс беруге мүмкіндік бермейді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр