Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Қазақстан экономикадағы мемлекет үлесін 15%-ға қысқартады

Қазақстан экономикадағы мемлекет үлесін 15 пайызға дейін қысқартады, – деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

11439276

Сурет: ҚР президентінің ресми сайты

«Біз бірлескен экономикалық ынтымақтастық елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, экономикадағы мемлекет үлесін 15 пайызға қысқартып, жекешелендіруді көптеп қолға аламыз», – деп мәлімдеді Назарбаев Петербургтегі халықаралық экономикалық форумның пленарлы отырысында.

Президенттің айтуынша, негізгі тапсырмаларға ұлттық экономиканы дамытуға бағытталған жаңа драйверлерді қалыптастыру жатады. Нәтижесінде, елде мыңдаған жаңа кәсіпорындар мен 1,5 миллион жұмыс орны, 450 жаңа өнім түрі құрылған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшылары кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде екіжақты ынтымақтастықтың негізгі салалары мен бағыттарын, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үдерісті дамыту мәселесін талқылады.

Бұдан бөлек, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер мен өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсу перспективалары қарастырылды.

Талқылау