Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Арыс тұрғындары үшін көмек қорына ақша аударды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жарылыстардан зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін ақша аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев Арыс тұрғындарына көмек қорына ақша аударды

Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлімдеді. Ол елбасының Арыстағы төтенше жағдайға ұшыраған адамдардың тағдыры туралы алаңдаушылық білдіргенін айтты. 

"Тұңғыш президент канцеляриясы қызметкерлері мен елбасы көмек көрсету мақсатында біркүндік жалақысын тиісті қорға аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды Арыс тұрғындарының қайғысына бей-жай қарамауға шақырды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Қазақстан бойынша Арыс қаласында зардап шеккендерді қолдау мақсатында "Арыс, біз біргеміз" атты қолдау науқаны басталды.

Талқылау