Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев үкіметтің жұмысы туралы: Сендер – бар болғаны қорқақсыңдар

Министр емес, бар болғаны қорқақсыңдар. Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жұмысына қатысты осылай деп сын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы өз сөзінде ел экономикасына нақты не керектігін атап өтті. Бұл – тиімді жобалар мен бәсекеге қабілетті кәсіпорындар. Президенттің сөзінше, соңғы үш жылдың өзінде елімізде банкротқа ұшыраудың алдында тұрған кәсіпорындар 2 есе артқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Банк ақша бермейді деп шулайсыңдар, ал ол кімге береді? Барлық жерде  кәсіпорындар банкрот. Ешкім кепілдік бере алмайды, ешкім ақшаны қайтара алмайды. Кімге береді, қайтарып беретін адамдар жоқ. Қазір осы берешек 4 триллион теңгеден асады», – дейді президент.

Сонымен қатар қаржы жүйесін мысалға келтірген Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк пен үкіметке тапсырма берді. Ол акционерлердің өзі банкінің қаржысын жымқырып, қашып кетпеуін бақылауды тапсырды.

«Банкроттық институты нарықтық елдерде кең таралған құбылыс. Сендер министр емес, бар болғаны қорқақсыңдар. Сонда не үшін жұмыс істеп жүрсіңдер? Барлық банктерді тазартыңдар, сонда мен бұл үкімет өз міндетін адал орындады деп санаймын, сосын осымен отставкаға кетіңдер. Міне, сонда бұл нағыз жұмыс болады», – дейді елбасы.

Сонымен қатар мемлекет басшысы преьмер-министрге аталған мәселені жеке бақылауына алуды міндеттеді. Бәріміз бірдеңе жасап жүргендей қол сілтейміз, алайда нақты жұмыс жоқ, дейді ол.

«Бұл мәселені шешсін. Мен «кетіңдер» деп жай айттым. Ешқайда кетпеңдер, жұмыстарыңды істеп, баяндаңдар», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр