Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Найман апама арнап": Қарақат пен Қыдырәлінің қызы ерекше биімен жұртты сүйсіндірді (видео)

Қарақат пен Қыдырәлінің қызы ерекше биімен жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күні кеше ғана екі жасқа келген Қарақат пен Қыдырәлінің қызы Аяла ата-анасының жолын қуып, өнерді таңдайтын сыңайлы. Жұлдызды ата-ана еркесінің бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Әннің ритіміне билеген Аяла Қыдырәліқызы жұртты осылайша сүйсіндірді.

"Айнұр Тұрсынбаева найман апам үшін арнайы түсірілген видео бұл..." - деп жазды Аяла Болманова. 

Арнайы Айнұр Тұрсынбаева үшін таспаланған бейнежазбаға ақынның өзі де жауап беріп, пікір қалдырған.

"Жүрегім-ау, жүрегім. Сен аман бол тілегім", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Мұны көрген желідегі жұрт Аяланың биі мен әніне тәнті болып, болашағының жарқын болуын тілеп, жарыса пікір қалдырған.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр