AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науқастар көзінен айырылады: Қара зең Мысырға дейін жетті

Мысырда жеті адамның мұрынына, көзіне және тыныс алу органдарына әсер ететін қорқынышты инфекция диагнозы қойылды.

Бұған дейін қара зең Үндістанға шабуыл жасады. Дәрігерлер инфекция миға енбеуі үшін жұқтырған науқастардың көзін алып тастауға мәжбүр. Қара зеңмен ауыратын науқастардың шамамен 60% -ы көзін алғызды.

Елдің солтүстігіндегі Заказик университетінің ректоры Осман Шаалян қара зең ауруы Мысырда да анықталғанын айтты, деп жазды "Аль-Ахрам" басылымы.

"Жұқтырған үш адамға қара зеңмен зақымдалған мүшелерді алу операциясы жасалды, біреуі ауыр халде, қалғандарының жағдайы тұрақты", - деді ректор.

Қара зең топырақ, шаң және органикалық деградация өнімдерінде кездеседі. Көбінесе адам ағзасына механикалық желдеткіш қондырғылар арқылы енеді.


"Қара зеңнің" кесірі: Үндістанда дәрігерлер коронавирустан жазылған науқастардың көздерін ойып алып тастауда


Сарапшылардың айтуы бойынша, қара зең қарқынды терапия бөлімінде жатқан және ұзақ уақыт гормондар немесе жасанды желдеткіште жатқан науқастардан да анықталды. Ауру қант диабетімен ауыратын адамдарға, сондай-ақ аурумен күрескеннен кейін иммунитеті төмендегендерге, атап айтқанда коронавируспен ауырғандарға үлкен қауіп төндіреді.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазірдің өзінде Үндістанда 11000-нан астам қара зең ауруы анықталды. Үнді дәрігерлері бұған дейін адамдарда қара зеңнің үшінші түрін тапқанын айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр